Seiko Epson AE-7522 ELPAP10 User Manual 4

Seiko Epson Corporation ELPAP10 4

User Manual 4

     
   A B C D
    
         
     
    
  
   A B C D
  
  Қауіпсіздік бойынша нұсқаулар Бұл өнімді сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Бұл құрылғыны қауіпсіз жəне тиісінше пайдалану үшн осы құжатты мұқият оқып шығыңыз. Кез келген белгісіз мəселелерді жылдам шешу үшін бұл ақпаратты қолыңызға жақын  ұстаңыз. Егер кез келген мəселелер түсініксіз болса, жергілікті дилеріңізге немесе проектормен бірге берілген "Пайдаланушы  нұсқаулығында" берілген ең жақын  мекенжайға  хабарласыңыз. Өнімді қауіпсіз жəне тиісінше пайдалану үшін құжаттамада жəне өнімде таңбалар қолданылады, олар пайдаланушы не басқаларға тиетін ықтимал жарақаттарды жəне  мүліктің зақымдалуын  білдіреді. Индикаторлар жəне олардың мағынасы келесідей. Нұсқаулықты оқымас бұрын бұл таңбаларды дұрыс түсінуге  тырысыңыз.  Ескерту Бұл таңба еленбеген жағдайда дұрыс емес пайдалануға байланысты өлімге немесе жарақат алуға əкелуі мүмкін ақпаратты көрсетеді. Сақтандыру Бұл таңба еленбеген жағдайда дұрыс емес пайдалануға байланысты жеке жарақат алуға немесе сыртқы зиянға əкелуі мүмкін ақпаратты көрсетеді.   Ескерту  Электрмагниттік кедергіні тудырып, кардиостимуляторлардың ақаулықтарына апарып соғуы мүмкін. Бұл құрылғыны пайдаланбас бұрын, жақын жерде кардиостимуляторды  пайдаланып жатқан  адамдардың  жоқ болғандығын  тексеріңіз.  Электрмагниттік кедергіні тудырып, сезімтал медициналық жабдықтың ақаулықтарына апарып соғуы мүмкін. Бұл құрылғыны пайдаланбас бұрын, жақын жерде сезімтал медициналық  жабдықтың  жоқ  болғандығын тексеріңіз.  Кейбір елдерде бұл құрылғыны ұшақта пайдалануға тыйым салынған. Бұл құрылғыны пайдаланбас бұрын, ұшақта бұл құрылғыны пайдалануға  тыйым  салынбағандығын  тексеріңіз.
    Сақтық шаралары Қолдануға жəне сақтауға қатысты кеңестер Температуралары не ылғалдылығы жоғары  жерлерде сақтамаңыз.  Ол əсіресе терезелері жабық көлікте қалдырылғанда немесе тікелей күн сəулесінің астында сияқты температуралары əдеттен тыс жоғары жерлерде ұзақ  уақытқа қойылғанда зақымдалуы не  деформациялануы мүмкін.  Құрылғыны суламаңыз. Бұл қателі жұмыс істеуге əкелуі мүмкін.  Микротолқынды пештер жанында пайдаланбаңыз. Сымсыз байланыс микротолқынды пештер шығаратын электрмагниттік кедергімен үзілуі мүмкін.  Құрылғыны құлатпаңыз, соқпаңыз немесе үстіне ауыр заттарды қоймаңыз. Жиілік бойынша сақтық шаралары Бұл құрылғы үшін жиілік диапазоны - 2,4 ГГц. Жиілік ауқымы микротолқынды пештер  жəне  мобильді құрылғыларды анықтау (RF-ID) жүйелері (лицензияланған жергілікті радио  станциялары жəне лицензияланбаған  арнайы төмен  қуатты  радио  станциялары) сияқты зауыттық өндіріс  желілерінде пайдаланылатын  өндірістік, ғылыми жəне медициналық құрылғылармен  бірдей жиілік  диапазон болып  табылады. Бұл құрылғыны  пайдаланбас бұрын, жаныңызда мобильді  құрылғыларды анықтауға арналған радио станцияларының не арнайы төмен қуатты радио станция пункттерінің жоқ екендігін тексеріңіз. Бұл құрылғы мобильді құрылғыларды  анықтау  үшін  пайдаланылған  жерлермен  электрмагниттік түрде қиылысқан жағдайда, пайдалануды бірден доғарыңыз жəне электрмагниттік өрістің құрылуын тоқтатыңыз. Бұл  құрылғы мобильді құрылғыларды анықтау үшін  пайдаланылған арнайы төмен қуатты радио станциясымен электрмагниттік түрде қиылысса не басқа бірдей мəселелерді тудырса, жергілікті дилеріңізге немесе проектормен бірге берілген "Қолдау  мен қызмет көрсету нұсқаулығында" берілген ең жақын мекенжайға  хабарласыңыз. Радиотелеграфия заңының ережелері Сақтандыру  Бұл құрылғыны тек Epson проекторлары үшін пайдалануға болады. Егер  ол  компьютер  сияқты  басқа  құрылғыға  орнатылған  болса,  ол компьютердің  бұзылуына,  зақымдалуына  не  ақаулықтарға  апарып соғуы мүмкін.  Бұл құрылғыны бөлшектемеңіз не үлгісін өзгертпеңіз. Бұл өртенуге апарып соғуы мүмкін.  Бұл құрылғы тек бөлме ішінде пайдаланылуға арналған.  РЖ əсері бойынша сəйкестілік талаптарына сай болу үшін, осы құрылғының антеннасы мен жанындағы адамдардың арасында кемінде 20 см қашықтық əрқашан сақталуы тиіс.
  Радиотелеграфия заңында  келесі əрекеттерге  тыйым  салынған.  Өзгерту жəне бөлшектеу (антеннаны қоса)  Сəйкестілік заттаңбасын алып тастау Халықаралық жиһангездік бойынша сақтық шаралары Сымсыз құрылғылар пайдаланылатын елдердің арна мен жиілік шектеулеріне сəйкес болу үшін жасақталған. Бұл құрылғы сату елінің сипаттамаларына негізделген. Егер бұл құрылғы сату елінен тыс пайдаланылса,  қосымша  ақпаратты  дилермен  тексеріңіз. Сымсыз жергілікті желіні пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке қатысты ескертпелер (Тұтынушы  құқықтары туралы маңызды ақпарат (құпиялылықты  сақтау)) Сымсыз жергілікті желі не жергілікті желі кабелін пайдаланудың артықшылығы - ақпараттың радио сигналдары арқылы алмасуы, радио сигналдарының  ауқымында болғанда  желіге  оңай қосылуыңыз мүмкін. Мұның кемшілігі - белгілі ауқым ішінде, электрмагниттік сигналдар қабырғалар сияқты бөгеулер арқылы өтуі мүмкін, сондықтан кері қауіпсіздік шаралары белгілі бір жолмен іске асырылмаса, мұндай мəселелер пайда болуы мүмкін. Байланыс  дерегі ұстап алынуы мүмкін Үшінші тарап рұқсатсыз  сымсыз  таратылымдарды қабылдауы мүмкін жəне олар  осы таратылымдардан  идентификаторлар,  құпиясөздер не кредит картасының нөмірлері сияқты жеке ақпаратты алуы мүмкін немесе жеке электрондық пошта хабарларының мазмұндарын ұстап алуы  мүмкін. Желіге  рұқсатсыз  қатынасу Үшінші тарап жеке не компанияның желісіне рұқсатсыз қатынасып, келесі əрекеттердің кез келгенін орындай алады. - Жеке мəліметтерді не басқа құпиялы ақпаратты алу (ақпараттың жайылып кетуі) - Басқа пайдаланушы ретінде əрекет ету жəне жағымсыз деректі жіберу (еліктеу) - Ұстап алған деректің мазмұнын қайта жазып, оны жіберу (бұрмалау) - Деректің жоғалуына не жүйенің бұзылуына  əкеле алатын компьютер вирустарын енгізу  (зақым) Бастапқы күйде, мұндай мəселелердің сымсыз жергілікті желі өніміне қатысты реттеулер арқылы немесе өнімді пайдаланудан орын алу ықтималдылығы азайтылған, себебі сымсыз жергілікті желі картасы мен қатынас нүктесінде  осы мəселелерді шешу үшін қауіпсіздік шаралары бар. Бұл өнімді өз пікіріңізбен жəне толық жауапкершілікті көтеріп қауіпсіздік параметрлерін  орнатқаннан кейін  жəне қауіпсіздік параметрлерін орнатпаған жағдайда  орын алуы мүмкін мəселелерді толығымен түсініп  пайдалануды  ұсынамыз. Қауіпсіздік  параметрлері  туралы қосымша ақпаратты  проектормен берілген "Құжат  ықшам  дискісіндегі"  "Пайдаланушы  нұсқаулығынан" қараңыз.
  Сымсыз желі қосылымдарына шолу Сымсыз жергілікті желі құрылғысы проекторға басқа  құрылғылармен сымсыз түрде  байланысуға мүмкіндік береді. Осы құрылғыны проекторға жалғаған кезде,  орнатылған сымсыз жергілікті желі функциясымен компьютердің экранын  немесе сымсыз желі арқылы смартфондар мен  планшеттердің мазмұнын  проекциялауға болады. Желі ортасына байланысты  екі байланыс режимі қолжетімді. Жылдам байланыс режимі Құрылғыны жергілікті желіні (LAN) пайдаланусыз проекторға тікелей қосады. Жылдам байланыс режимін пайдалану кезінде, құрылғыны осы құрылғыдан басқа ешқандай қатынас нүктелеріне қосу мүмкін болмайды.  Кеңейтілген байланыс режимі Құрылғыны сымсыз жергілікті желі қатынас нүктесі арқылы проекторға қосады.     Сымсыз байланысқа арналған бағдарламалық жасақтама мен қолданбалар Келесі бағдарламалық жасақтама  элементтері не  қолданбалардың көмегімен қосылған құрылғылардың экрандарын не  мазмұнын проекциялауға  болады.  EasyMP Multi PC Projection (Windows/OS X) Экрандарды ең көбі төрт компьютерден бір уақытта бөлек проекцияланған  тақталарда  проекциялайды. Осы  бағдарламалық жасақтаманы  берілген  EPSON проекторының бағдарламалық жасақтама ықшам дискісінен немесе Epson веб- торабынан  орнатуға  болады.  EasyMP Network Projection (Windows/OS X) Желі арқылы проекторға қосылған  бір компьютерден экранды проекциялайды. Осы  бағдарламалық жасақтаманы  берілген  EPSON проекторының бағдарламалық жасақтама ықшам дискісінен немесе Epson веб- торабынан  орнатуға  болады.  Epson iProjection (iOS/Android) Смартфон не  планшеттің мазмұнын  проекциялайды. Осы қолданбаны App Store немесе Google Play тораптарынан жүктеп алуға болады.
    Quick Wireless Connection USB кілті (Windows) Компьютердің экранын жай ғана осы кілтті қосу арқылы проекциялайды. Кілтті Epson веб-сайтынан немесе жергілікті дилеріңізден сатып  алуға болады. Орнату 1. Сымсыз жергілікті желі құрылғысын орнату Осы құрылғыны проектордың сымсыз жергілікті желі  құрылғысын орнату бөліміне немесе  USB-A портына  орнатыңыз. Орнату орны  проекторға байланысты өзгешеленеді. Қосымша мəліметтерді  проектормен  берілген  "Пайдаланушы  нұсқаулығынан" қараңыз.   Сымсыз жергілікті желі құрылғысын орнату бөлімі USB-A порты  2. Проектор үшін желі параметрлерін орнату Қашықтықтан басқару  пультіндегі немесе  басқару тақтасындағы [Menu] түймесін басып, Network мəзір  элементтерін орнатыңыз. Параметрлердің  атаулары  мен  мазмұны  проекторға байланысты өзгешеленеді.  Қосымша  мəліметтерді  проектормен берілген "Пайдаланушы  нұсқаулығынан"  қараңыз.  Параметр элементі Мазмұны Wireless Mode Сымсыз жергілікті желіні қосу. Connection Mode Байланыс əдісіне байланысты Quick* 1  немесе Advanced параметрін таңдаңыз. SSID Auto Setting (Жылдам байланыс режимі ғана) Проекторды іздеу процесін жылдамдату үшін SSID автоматты түрде тағайындау үшін On* 2 параметрін таңдаңыз. SSID мен Passphrase кодын қолмен орнату үшін Off параметрін таңдаңыз. Search Access Point (Кеңейтілген байланыс режимі ғана) Қолжетімді қатынас нүктелерін іздеу жəне қосылғыңыз келген SSID таңдау. Search Access Point функциясы жоқ үлгілер пайдаланылғанда немесе қатынас нүктесін қолмен орнату қажет болса, SSID мен Passphrase кодын орнатыңыз.  *1 Бұл параметр бағдарламалық жасақтама не қолданбаның барлық нұсқаларында қолжетімді болмауы мүмкін.
  *2 SSID Auto Setting параметрі On күйіне орнатылған кезде, Passphrase параметрі қарапайым қатынас нүктесі (тек қолдау көрсетілген үлгілерде) ретінде қызмет ететін проекторға автоматты түрде орнатылады. Epson iProjection пайдалану жəне байланыс қауіпсіздігін жақсарту үшін Passphrase параметрін өзгертіңіз. 3. Бағдарламалық жасақтама не қолданбалардың көмегімен проекциялау Қосуға дайындалу Network information (жергілікті желінінің күту экранын) көрсету үшін қашықтан басқару  пультіндегі [LAN]  түймесін басыңыз. Құрылғыны  проектормен  бірдей желіге  жалғаңыз. (Компьютерді Жылдам байланыс режимін пайдалану арқылы жалғау кезінде осы əрекетті орындаудың қажеті жоқ.) Бағдарламалық жасақтаманы қолдану A  Бағдарламалық жасақтама не қолданбалардың көмегімен проекторды іздеңіз. B  Қосылғыңыз келген проекторды таңдаңыз. C  Connect немесе Join пəрменін таңдаңыз. D  Нұсқау берілгенде, жергілікті желі күту экранында ағымда көрсетілген кілт сөзді енгізіңіз. Əрекеттер бағдарламалық жасақтама  не  қолданбаға  байланысты өзгешеленеді. Əр  бағдарламалық жасақтама үшін қолдану  нұсқаулығын қараңыз немесе толық мəліметтерді App Store немесе Google Play торабындағы  түсініктемеден  қараңыз. Сымсыз жергілікті желі индикаторын оқу  Индикатор Күй Өшірулі Бұл құрылғы проекторге орнатылмаған. Немесе сымсыз жергілікті желі проектордың Network мəзірінде өшірілген. Көк Бұл құрылғы проекторға орнатылған жəне байланыстар қолжетімді. Көк (жылдам жыпылықтауда) Бұл құрылғы проекторға орнатылған жəне құрылғыға қосылуда. Көк (баяу жыпылықтауда) Қате орын алды. Проекторды өшіріңіз, бұл құрылғыны қайта орнатыңыз жəне проекторды қосыңыз. Осы құрылғының техникалық  сипаттамасын осы  нұсқаулықтың соңындағы "Specifications"  бөлімінен  қараңыз.
  Тұтынушыларға арналған ақпарат Бұл құрылғы - сымсыз желі арқылы дерек алмасу үшін басқа электрондық құрылғылармен байланысты қамтамасыз ететін EPSON СКД проекторларына арналған сымсыз жергілікті желі адаптері.  Қауіпсіздік +нұсқаулары Құрылғыны пайдалану алдында барлық қауіпсіздік жəне пайдалану бойынша нұсқаулықтар оқылуы керек. Барлық нұсқаулықтарды оқып шыққаннан кейін, ақпаратты кейінірек қарау үшін сақтап қойыңыз.  Ескерту Құрылғыны бөлшектемеңіз не үлгісін өзгертпеңіз. Құрылғыны бөлшектемеңіз не үлгісін өзгертпеңіз. Электр-магниттік кедергі медициналық жабдықтың ақаулығына əкелуі мүмкін. Бұл құрылғыны пайдаланбас бұрын, жақын жерде сезімтал медициналық жабдықтың жоқ болғандығын тексеріңіз. Электр-магниттік кедергі автоматты басқарылатын жабдықтың ақаулығына əкеліп, апатты тудыруы мүмкін. Құрылғыны автоматты есіктер не өрт сөндіру дабылы сияқты автоматты басқарылатын жабдықтың жанында пайдаланбаңыз.  Epson компаниясының техникалық қолдау көрсету қызметінің веб сайты өнімнің құжатындағы ақауды жоюға қатысты мəлімет арқылы шешуге болмайтын ақауларға қатысы бар анықтама береді. Веб браузер бар болса жəне интернетке шыға алсаңыз, сайтқа келесідей кіріңіз: http://www.epson.kz/   Өнім жасаушысы SEIKO EPSON КОРПОРАЦИЯСЫ Мекенжайы: 3-5, Owa 3-chome, Suwa-shi, Nagano- ken 392-8502 Жапония Телефоны: 81-266-52-3131
    Үлгі Кеден Одағының “Техникалық құрылғылардың электр-магниттік үйлесімділігі бойынша” техникалық ережесіне (КО ТР 020/2011) сай келеді  Өндірген ел/Өндірілген айы мен жылы  Өндірген ел Проектор/құрылғы заттаңбасында белгіленген. Өндірілген айы мен жылы Басқа жағын қараңыз.  Жалпы сипаттамалар  Өнім аты ELPAP10 Жиілік диапазоны 2412-2472 МГц (1-13 арна) Негізделетін стандарттар IEEE 802.11 b/g/n Қуат көзі ТТ 5 В Өлшемдер 24 (Е) x 10 (Б) x 51 (Т) мм   ТМД елдеріндегі ресми өкіл «ЭПСОН ТМД» ЖШС Мекенжайы: Мəскеу қ-сы, 129110, Щепкин к-сі, 42, 2a ғимараты, 3-пəтер, “Чайка Плаза” бизнес орталығы Телефоны: +7 (495) 777-0355/56 веб:  http://www.epson.ru/ электрондық пошта: info_CIS@epson.ru EPSON EUROPE B.V. МƏСКЕУДЕГІ ӨКІЛЕТТІ КЕҢСЕСІ Мекенжайы: Мəскеу қ-сы, 129110, Щепкин к-сі, 42, 2a ғимараты, 3-пəтер, “Чайка Плаза” бизнес орталығы Телефоны: +7 (495) 777-0355/56 веб:  http://www.epson.ru/
    

Navigation menu